Алматыда 13 секс-притон әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 13 секс-притон әшкере болды видео кадры

Алматы полициясы секс-притондарды анықтау мақсатында рейд жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы секс-притондарды анықтау мақсатында рейд жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен демалыс күндері Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері негізінен боди-массаж салоны атын жабылып жұмыс істейтін 13 секс-притонды анықтады.

Клиенттерге 51 қыз интим қызмет көрсеткені, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екені анықталды.

Шетелдік әйелдер полиция департаментінің қабылдау бөліміне орналастырылған.

"Жалпы, интим-индустрия қызметкерлеріне қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы және ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша 67 әкімшілік хаттама жасалды, ал жезөкшелікпен айналысу үшін көрінеу берілген үй-жайлардың иелеріне қатысты ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша 13 әкімшілік хаттама қозғалды", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети