Алматыда 15-ші қабаттан құлап кеткен ер адам танымал рэп-орындаушы болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желі қолданушылары Black Cost тобының негізін қалаушы Жандос Талғаттың отбасына көңіл айтып жатыр. Ол Hazard лақап атымен шығып жүрген.

Осыған дейін, Алматыда 31 жастағы ер адамның Төле би көшесінің бойында орналасқан "Кәусар" тұрғын үй кешенінінің 15-ші қабатынан құлап кеткені белгілі болған. Оқиға 22 ақпанда болған. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
© vk.com/Жандос Талғат
"Вконтакте" желісіндегі Black Cost тобының ресми парақшасында Жандос Талғаттың 1985 жылы 22 қыркүйекте туғаны жазылған. "Black Cost тобының негізін қалаушы, ол 1999 жылдан бастап музыкалық мансабын бастады. Көпшіліктің мойындауымен Hazard Қазақстандағы ең мықты МС болып саналады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазады, лирика, хардкор, гэнгста рэп және тағы басқа стильдерде ән жазып, өз кәсібилігін сан мәрте дәлелдеді. Ол өмірге деген көз қарасын әуенмен жеткізді", - делінген Black Cost тобының ресми аккаунтында.
Black cost қазақстанда аты аңызға айналған топтың бірі. Топ мүшелерінің барлығы дерлік Шымкент қаласынан. Қаза болған ер адамның артында жары және үш баласы қалды.