Алматыдағы демалыс орнында 16 жастағы жігіт бассейнге батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаза болған жігіттің туысы Альмира Оралбаева айтып берді.
Алматыдағы демалыс орнында 16 жастағы жігіт бассейнге батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаза болған жігіттің туысы Альмира Оралбаева айтып берді.
Оның айтуынша, Қайырхан Серік достарымен бірге Beis club демалыс орнына барған. Бір кезде ол суда жалғыз өзі қалыпты. "Оның достары бір жерге шығып кетіпті, ал ол суда тағы біраз жүземін деп жалғыз қалған екен. Біраз уақыт өткенде оны бассейннен тауып, жедел жәрдем шақыртқан. Ол әлі тірі болыпты, дәрігерлер оның ішіне кеткен суды шығаруға тырысқан. Оны жансақтау бөліміне әкелген дәрігерлер оның өмірі үшін сегіз сағат күресті, бірақ Қайырханды құтқарып қалу мүмкін болмады", - дейді Оралбаева. - Егер оған клубта алғашқы медициналық көмек көрсетілген жағдайда, ол тірі қалатын еді, ол жерде құтқарушылар да болмаған", - дейді әйел.
Tengrinews.kz тілшісі Вeis club басшысы Бақыт Айтжановқа қоңырау шалды. Ол бассейнде құтқарушылардың болғанын және олардың үнемі кезекшілік атқаратынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, жас жігіт жақсы жүзетін болған. Ол жүзуге арналған көзілдірікті киіп, сүңгіп кетіпті, алайда су бетіне қайта шықпаған. "Ол біздің тұрақты келушіміз, оны құтқарушылардың бірі судың астынан алып шықты, оған қолдан демалдыру әрекеттері жасалды және дәрігерлерді шақырдық. Біз өз тарапымыздан қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Достарының айтуына қарағанда, оның жүрегі ауырып жүрген, бәлкім су астында сіңірі тартылып қалған болар", - деді Айтжанов.
Қайырхан Серік. Сурет отбасылық мұрағаттан алынған.