Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті

13 Ақпан 2015, 11:11
0
Айтолқын Ержан үйінен шығып кетіп қайта оралмаған. ©Facebook.com
Айтолқын Ержан үйінен шығып кетіп қайта оралмаған. ©Facebook.com

Алматы қаласында 2 ақпан күні үйінен сабағына шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған 17 жастағы Айтолқын Ержан іздестіріліп жатыр. Полицейлердің қыздың жоғалып кетуіне қатысты бірнеше болжамы бар, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

"Айтолқын Ержан 2 ақпанда жоғалып кетті, оның анасы тек 4 ақпанда хабар берді. Кәмелет жасқа толмаған бала жоғалып кеткендіктен іздестіру ісі бірден қозғалды. Құрамында Медеу аудандық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бар жедел топ құрылды. Қазір полиция қызды табу үшін барлық күшті салып жатыр, қыздың курстастары мен жақын араласатын адамдарынан сұрастырылды. Бірнеше нұсқа бар, жоғалған қыздың анасының нұсқалары да, барлығы тексеріліп жатыр. Айтолқын 4 ақпан күні анасына қоңырау шалғаны анықталып отыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Жоғалып кеткен қыз "Сымбат" сән колледжінде оқыған. Айтолқынның анасының айтуынша, қызды соңғы рет Қонаев пен Жібек жолы көшелерінң қиылысындағы автобус аялдамасынан көргендер бар. Кейбір деректер бойынша, ол "Саяхат" автовокзалына бармақшы болған. Әйелдің болжамынша, оның қызы барахолка орналасқан ауданда жұмыс істейтін жігіті Наурызбек Мұратпен кездесуге баруы мүмкін. Полиция жігіттің табылған-табылмағаны туралы әзірше мәлімдеме берген жоқ.

Facebook пен Қазнет қолданушылары жоғалып кеткен қыздың суреттері мен белгілерін әлеуметтік желілерде таратып жатыр: "Қыздың бойының ұзындығы - 165-168 сантиметр, дене бітімі сымбатты, көзінің түсі қоңыр, шашы иыққа дейін келетін, сарғыш түсті. Үстінде теріден жасалған капюшоны бар күлгін түсті күрте мен басында қызыл жолақтары бар күңгірт жасыл түсті бөрігі бар (киімі суреттегідей), қара түсті арқа қоржыны, көк түсті джинсы мен қара уггиі бар".

Айтолқын Ержанның жақындары оны көргендер болса мына телефондарға хабарласуды сұрайды:

8 702 233 86 45, Рита (анасы)
8 705 718 01 87,
8 777 355 89 70, Азамат (ағасы)
102 - Медеу аудандық полиция бөлімі
273-41-22 Медеу аудандық прокуратурасы.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай