Алматыда 19 жастағы әлем чемпионының өліміне қатысты тың дерек айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 19 жастағы әлем чемпионының өліміне қатысты тың дерек айтылды Фото: instagram.com/titanclub.kz

Алматы Полиция департаменті муай-тайдан әлем чемпионы, 19 жастағы Серік Әлидің өліміне қатысты егжей-тегжейлі мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Полиция департаменті муай-тайдан әлем чемпионы, 19 жастағы Серік Әлидің өліміне қатысты егжей-тегжейлі мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қанды оқиға 2024 жылдың 24 желтоқсанында Алматының Наурызбай ауданында болған.

Полицияның мәліметінше, күдікті мен спортшы бұрыннан таныс болған.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға болған жерде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін ол қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмысқа С. мен күдіктінің арасындағы жанжал себеп болған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді полиция Tengri Sport-тың ресми сұранысына жауап ретінде.

Марқұмның жаттықтырушысы Рамис Габитовтың айтуынша, Серікті "өзінің сыныптасы пышақтаған", алайда жанжалдың нақты себебі белгісіз.

Серіктің анасы Ақмарал Табысбекқызы да күдікті мен ұлының бұрыннан жақын араласқанын растады.

"Олар туған бауырлардай бірге жүретін. Бірге өсті. Баламды кеуде мен мойын тұсына төрт рет пышақтап тастаған. Төрт жерден пышақ жарақатын алған", – деді ол KTK телеарнасына берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети