Алматыда 3 баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің оқиғасы: тергеу қалай аяқталды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 3 баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің оқиғасы: тергеу қалай аяқталды? Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы прокуратурасы үш баласы мен ананың өзіне қол жұмсау оқиғасын тергеу қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы үш баласы мен ананың өзіне қол жұмсау оқиғасын тергеу қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2021 жылдың қарашасында Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған еді. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде тағы қаза болды.

Прокуратура сол жылдың 22 қарашасында балалар мен әйелдің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

2022 жылдың 27 ақпанында қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылған. Айта кетейік, бұған дейін әйелдің әрекетіне күйеуімен бір күн бұрын болған жанжал себеп болғаны айталған еді.

Хат қалдырған. Алматыда әйел үш баласымен 9-қабаттан неге секіргені айтылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети