Алматыда 35 жастағы әйелден соққы көрген баланың анасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді

13 Маусым 2017, 17:16
1
Алматыда 35 жастағы әйелден соққы көрген баланың анасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді -

Алматыда 35 жастағы әйелден соққы көрген баланың анасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, оқиғаның видеосы жақында Желіде пайда болған еді. Ролик авторының айтуынша, балалар бастапқыда төбелесіп қалған. Осыдан кейін біреуінің шешесі жанжалға араласқан.

Зардап шеккен баланың анасы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында оқиғаның 2017 жылдың 6 маусымында болғанын айтты.

"Балалар аулада ойнап жүріп, ұшып кеткен доп үшін ерегісіп қалған. Осылайша, олар 10 жастағы Женяны доптың соңынан жібермекші болған, алайда ол балалардың айтқанын тыңдамаған. Сол сәтте олар өз араларындағы ең үлкені - 13 жастағы досын шақырады. Сөйтіп, ол Женяны ұра бастайды. Онымен қоса, Женяны жерде әбден сүйреткен. Женя да оларға соққымен жауап бергісі келіп, қолына таяқ алып, оны ұрып жіберген. Осы кезде 13 жастағы баланың анасы олардың ортасына түсіп, Женяны ұра бастаған. Содан кейін оны біздің үйге кіреберіс жерге дейін сүйреп әкелген", - дейді әйел. Оның айтуынша, видеода өзінің баласы, 35 жастағы күдікті әйел мен тағы бір бала және көрші үйдің баласы болған. Ал 13 жастағы баланың өзі болса, бұл төбелесті сырттан бақылап тұрған.

Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, күдікті әйел оны баланың тұратын үйінің кіреберісінде ұрып-соққан. Ал Мельниковтардың үйіне ол әйелмен сөйлесу үшін қоңырау соққан. Сол сәттің өзінде де ол баланы ұрып жатқан. Ол видеодан да көрініп тұр. "Мен үйден шыққан кезден бастап ұрыс басталды. Ол әйел менің көзімше баламды ұра бастады. Айғайлап, бізге тіл тигізіп жатты. Сосын полицияны шақырды", - дейді зардап шеккен баланың анасы.

Әйелдің айтуынша, полиция мен жедел жәрдем қызметіндегілер бір уақытта келді. Олар 35 жастағы әйелді, 10 және 13 жастағы балаларды қарап шықты. Оның айтуынша, 13 жастағы бала таяқтан жарақат алып қалған. Ал 10 жастағы баланың миы шайқалып, ол да жарақат алған.

Зардап шеккен әйел күдіктінің бастапқыда баланы ұрып-соққанын мойындамағанын айтады. Ал кейінірек күдіктінің күйеуі видеобақылау камерасындағы видеоны көрген соң әйелі үшін кешірім сұрап келген.

Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, күдіктінің өзі кешірім сұраған жоқ. Сондай-ақ, ол балалардың арасындағы даудың осымен бірнеше жыл жалғасып жатқанын айтып өтті: ересектер кішкентай балаларға командир болғысы келеді, ал кішілері оларды тыңдағысы келмейді.

Tengrinews.kz тілшісі Алматының 35 жастағы тұрғынымен байланысқа шықпақшы болды. Алайда үйдегілер қазіргі уақытта әйелдің үйде емес екенін айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай