Алматыда 500 мың доллар пара алмақшы болған экс-кеденші сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 500 мың доллар пара алмақшы болған экс-кеденші сотталды © РИА Новости

Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасының пост-кедендік бөлімінің бұрынғы қызметкері 500 мың доллар пара алмақшы болғаны үшін 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешметке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, кеден қызметкері жарты миллион доллар пара алмақшы болды деген күдікпен биыл сәуір айында ұсталған болатын. Ол кезде шенеуніктің кедендік баж салығын төлемегені үшін делдал арқылы пара алмақшы болғаны хабарланған еді. "МКД-ның бұрынғы қызметкері аса ірі көлемде пара алмақшы болған. (...) Сот оны 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айыру түріндегі жаза кесті", - деді Ешмет.

Айта кетейік, 2015 жылдың ақпанында Мемлекеттік кірістер департаменті Солтүстік Қазақстан облысының аймақтық басқарма төрағасы тұтқындалған. Оған қызметтік бабын асыра пайдаланды деген күдік келген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети