Алматыда 7 жастағы қыз жантүршігерлік жағдайда қаза болды: сот үкімі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 7 жастағы қыз жантүршігерлік жағдайда қаза болды: сот үкімі

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жасар қызды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне үкім шықты. Сот оған не себепті 2,5 жыл жаза тағайындағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жасар қызды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне үкім шықты. Сот оған не себепті 2,5 жыл жаза тағайындағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

2 сәуірде әлеуметтік желілерде резонанс туғызған видео тарады. Кадрларда қыз жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болады. Қызды жолдың екінші жағында анасы күтіп тұрған. Ол жолдағы көліктерді өткізіп жіберу үшін сәл кідіргенде жүк көлігі орнынан қозғалып, оны қағып кетеді. Бала оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші сол жерде ұсталды.

Сот барысы

Тергеу мен сотта жүргізуші жүрмес бұрын алдында адамның бар-жоғына көз жеткізбегені анықталды. Сол арқылы ол қылмыстық абайсыздыққа жол беріп, салдары қайғылы оқиғаға әкелген.

Қыз аса ауыр жарақаттар алған. Жүргізуші кінәсін толық мойындап, бір жыл жаза тағайындауды сұрады.

Үкім

Сот оның кінәсін дәлелдеп, 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар ол бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қаза болған қыздың ата-анасы 10 миллион теңге моральдық өтемақы, 7,7 миллион теңге материалдық шығын және 500 мың теңге адвокат шығындарын өтеуді талап етті. Жүргізуші бұл сомамен келіспей, моральдық шығынды 1 миллион теңгеге дейін төмендетуді сұрады.

Сот олардың талабын ішінара қанағаттандырды:

  • 5 миллион теңге моральдық зиян,
  • 2,1 миллион теңге материалдық шығын,
    500 мың теңге заңгерлік шығынды өтеу міндеттелді.

Берілген сомаларды ол бір ай ішінде өз еркімен төлеуі тиіс. Егер төлем жасалмаса, қаражат мәжбүрлі түрде өндіріледі.

Апелляция

Үкімнен кейін жүргізуші шағым түсіріп, жазаны жеңілдетуді немесе шартты жазаға ауыстыруды сұрады. Сондай-ақ материалдық және моральдық өтемақыны алып тастауды сұрады.

Апелляциялық алқа материалдық шығынды өндіру туралы шешімді жойып, моральдық зиянды өтеу талаптарын азаматтық тәртіпте қарауға жіберді. Қалған бөлігі өзгеріссіз қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети