Алматыда BMW X5 қожайыны ақылы тұрақ маңында полицеймен ерегесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда BMW X5 қожайыны ақылы тұрақ маңында полицеймен ерегесті видеодан үзінді

Алматыда көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізуші мен жол патрульдік полиция қызметкерінің арасында жанжал шықты. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізуші мен жол патрульдік полиция қызметкерінің арасында жанжал шықты. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы ІІД өкілдері оқиғаның 15 қаңтарда 12:30-да Жібек жолы және Қонаев көшелерінің қиылысында болғанын айтады. BMW X5 жүргізушісі, 1985 жылғы ер адам ақылы тұрақтың жанында рұқсат етілмеген жерге көлігін тұраққа қойған, сосын әкімшілік жауапкершілікке тартуға кедергі жасаған. 

Видеода ер адамның көлік бір қолында автокөлігінің тіркеу нөмірін ұстап ашуланғаны, полицеймен сөйлесіп, киімінен жұлқып ұстағаны түсірілген. Өз кезегінде полицей жүргізушінің күртесінен ұстаған. Полицейдің "саусақтарыңды бүкпе" дегені естіледі. Сонымен қатар, BMW жүргізушісі эвакуторға да дөрекі сөйлейді. 

"Рұқсат етілмеген жерде көлігін тұраққа қойғаны үшін азамат Ф. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК айыппұл төлейді. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети