Алматыда Cadillac Escalade көлігі жол бойындағы үйдің қақпасын қиратты, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға ақпанның 15-іне қараған түні болды.
Алматыда Cadillac Escalade көлігі жол бойындағы үйдің қақпасын қиратты, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға ақпанның 15-іне қараған түні болды.
Бағдарлама тілшісінің мәліметінше, Брусиловский көшесімен оңтүстік бағытта жүріп бара жатқан көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай алдымен АDK сауда орталығына жақын маңдағы ағаштарға, содан кейін жарық бағанына, ақыры жер үйдің қақпасына соғылды.
Көлік тізгініне ие бола алмай қалған жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда бір автокөлік жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған еді. Алматы-1 ауданындағы Лавренев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Mazda автокөлігінің жүргізушісі Наманган көшесіне жақын маңда беймәлім себеппен рульге ие бола алмай қалады да, жолдан жыраға қарай ұшып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші сол мезетте жол-көлік оқиғасының себебін түсіндіре алатын халде болған жоқ, ол есінен танып қалған, ал көлікте болған жолаушылар дін аман. Дәрігерлер жүргізушіні ауруханаға жатқызды.