16 ақпан 2017 00:59

Алматыда Skoda автомобилі жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Skoda жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Skoda жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Абай көшесінен төмен жерде Сайын көшесінің бойында болған. Skoda жүргізушісінің айтуынша, ол Сайын көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Бір мезетте жол бойына жасы 25-30 аралығындағы ер адам жүгіріп шыққан. Дереу көлікті тоқтатып үлгермеген жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сонымен қатар, жүргізушінің айтуынша, оның артында (мемлекеттік номерін жаттап үлгермеген) ақ түсті Toyota маркалы автокөлігі келе жатқан, ол жаяу жүргіншіні басып өтіп, оқиға орнынан қаша жөнелген. Skoda жүргізушісі оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтайтын болады.


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети