Алматыда Toyota полиция бекетін соқты

05 Сәуір, 11:04
0
Алматыда Toyota полиция бекетін соқты -

Алматыда Toyota Carina Е көлігінің жүргізушісі полиция бекетін соғып, оны зақымдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол көлік оқиғасы сәуірдің 4-нен 5-не қараған түні болған деп хабарланды. Ер адам тізгінге ие бола алмай, салдарынан стационарлық полиция бекетіне соқтығысқан. Алдын ала таратылған ақпарат бойынша жүргізуші ішімдік ішпеген. Жол көлік оқиғасының видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Видеоның кадрында қызыл түсті жеңіл көлік полиция бекетінің бағанасына соғып, оны зақымдағаны көрініп тұр.

"Toyota Carina Е автокөлігінің 1985 жылғы жүргізушісі Бухтарминский көшесімен Алматының Халықаралық әуежайына бағыт алып бара жатқан. Ол тізгінге ие бола алмай салдарынан стационарлық полиция бекетінің бағанасын соққан. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ол ішімдік қолданбаған. Осы оқиға бойынша тергеу жүргізіледі. Түрксіб аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесі бұл істі тексеріп жатыр", - деді Алматы қаласының Полция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай