Алматыда Абай даңғылының бойында Gelandewagen аударылып кетті

01 Тамыз 2018, 11:58
0
Алматыда Абай даңғылының бойында Gelandewagen аударылып кетті - © "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

Алматыда Gelandewagen Mercedes жүргізушісімен соғысып, аударылып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылының бойында Розыбакиев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen Розыбакиев көшесіне жетпей оң жаққа бұрылмақ болған. Сол сәтте автобустар жолағының бойында Mercedes көлігі келе жатқан. Екі көлік соғысып, нәтижесінде Gelandewagen аударылып кеткен.

Жол апатынан Gelandewagen жүргізушісі зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


© "Территория происшествий"

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай