Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апаты: автобус ішінен түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда жол апатына ұшыраған автобус салонынан түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апатына ұшыраған автобус салонынан түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, автобус алдымен Байтұрсынов көшесінен оңға Мақатаев бойына бұрылған. Масанчи қиылысына келгенде ақ түсті KIA кроссоверімен соқтығысқан.

KIA тізгінінде қыз отырғаны белгілі болды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қыз автобустың келе жатқанына көз жеткізбестен қиылысқа шығып кеткен. Соққы кезінде автобустың жылдамдығы сағатына 38 шақырым болған. Видео бар, бәрі расталған. Қалған ақпарат полицейлерде бар, тергеу оны анықтайды", - деп түсіндірді City-Bus ЖШС автобус компаниясының директоры Абылай Өстемір.

Сонымен қатар, автопарк автобус жүргізушісі тәжірибелі, көп жылдық тәжірибесі бар екенін хабарлады. Ол 55 жаста. Компанияда 2022 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істейді.

Автопарк директоры марқұмның отбасына және зардап шеккендердің барлығына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети