Алматыдағы Абылай хан даңғылы №28 көппәтерлі үйдің тұрғындары таяуда адамның бөлшектелген денесі табылған оқиғадан кейін осы үйде сағатқа және тәулікке пәтерді жалға беретіндер мен оны жалға алатындардың үстінен шағымданды.
Алматыдағы Абылай хан даңғылы №28 көппәтерлі үйдің тұрғындары таяуда адамның бөлшектелген денесі табылған оқиғадан кейін осы үйде сағатқа және тәулікке пәтерді жалға беретіндер мен оны жалға алатындардың үстінен шағымданды.
Үй тұрғындары Tengrinews.kz тілшісіне төртінші қабаттағы №39 пәтердің соңғы уақытта жалға беріліп келгенін айтты. "Бұл пәтер осымен сенігізінші жыл жалға беріліп келеді. Сондықтан үй иелері қайта-қайта ауысады, қайта сатады, қайта жалға береді. Притонға айналды. Түні бойы айғайлап, ыңқылдап, ыңыранады", - деді тұрғындардың бірі.
Алайда тұрғындардың ешқайсысы адам шошырлық оқиға болған күні сезіктенбепті. "Ештеңе естімедік, не болғанын ешкім білмейді. Тып-тыныш болды. Сезіктенетін жағдай болған жоқ", - деді тұрғындар. Қазіргі уақытта қылмыс болған үйдің есігіне мөр басылған, таяуда тергеушілер келіп, тексеріпті.
© Tengrinews.kz
Жантүршігерлік қылмыс болған пәтердің иесін ешкім танымайды екен. "Онда ешкім тұрған жоқ. Уақытша, сағаттап немесе тәуліктеп жалға беріледі. Менің де пәтерім осы маңда, жалға беріледі. Біздің үйдің пәтерлердің жартысына жуығы жалға беріледі. Оларды жаттап жүрмейміз. Күн сайын бөтен адам келеді. Өздерін тым өктеп ұстайды, шулайды, айғайлайды, таптайды, көпқабатты үйде тұрып жатырмыз деп ойламайды. Пәтер жалдайды да, топ-топ болып қыздармен келіп жатады. Осыдан кейін белгілі - айғайлайды, заң еңіреп жылайды, тыным таппайды", - деді көрші Тамара Иванова.
"Кейде біреуді ұрып-соғып жатады, мастар төбелеседі, тіпті пәтерден шыға сала подъезде ерегеседі. Пәтерін жалға беретіндермен сөйлесіп, клиенттердің есі дұрысын алуын сұрағанбыз. Ал оларға ақша берсең болды. Жұрттың бәрі қорқып қалған, үндемейді. Себебі әлгі сағаттап жалға беретіндер осыған дейін көрші подъездің терезелерін сындырып кеткен. Не үшін деп ойлайсыз? Осылай шағым түсіре бермесін, полиция шақырмасын деп қорқытып тастаған", - деп еске алады үйдің тұрғындары.
© Tengrinews.kz
Ал таяуда болған жантүршігерлік қылмыстан кейін тұрғындар тіпті де зәре-құты қалмай шошыпты. "Өткен түні тіпті де көз іле алмадым. Біздің подъезде осындай оқиғалар болған соң, жаман түстер көретін болдым. Әлсіреп кетемін", - деді мәйіт табылған подъездің тұрғыны.
Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр.
Ал таяуда қаза болған ер адамның Алматыға Кентаудан келгені белгілі болды. Сонымен қатар, оның туысы келіп, мәйітті таныпты.