Алматыда құлаған ағаштар көліктерге зақым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда құлаған ағаштар көліктерге зақым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, соңғы екі күнде қалада жаңбыр жауып, екпінді жел соққан болатын. Құлаған бұтақтардан көліктердің темірі майысып, терезелері сынған.
Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы мәліметінше, 20 маусымда қалада жасыл желектердің құлауының 30-дан астам дерегі тіркелген.
"Оның ішінде көліктердің үстіне құлау бойынша 6 факт, ескі ағаштардың құлауы - 13 факт, ағаштың діңімен құлауы - 8 факт, ірі бұтақтардың құлауы - 11 факт", - деп хабарлады басқарма.
Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы бұзылған көліктерді енді кім қалпына келтіретінін түсіндірді.
"Зақымданған көлік иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселесіне келсек, әр жағдай жеке. Бұл мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгіну қажет. Ал сот шешімімен залалды өтеу мәселесі қарастырылады", - деді ведомстводағылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!