Алматыда әжетхана құдығына батып кеткендер оқиғасының мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әжетхана құдығына батып кеткендер оқиғасының мән-жайы айтылды

Алматы полициясы көшедегі әжетхананың кәріз құдығына құлап қаза тапқан балалардың әкесін құтқару сәті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы көшедегі әжетхананың кәріз құдығына құлап қаза тапқан балалардың әкесін құтқару сәті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дабыл қоңырауына патрульдік полицияның екі экипажы бірден жауап берген. Оқиға кешкі сегіз уақытында болған.

"Жедел кезекшіден шақырту алғаннан кейін, бір минуттан соң сол жерде болдық. Бізге көшедегі әжетханаға бірнеше адам құлап кеткені туралы хабарланды. Әжетхана сыртындағы қоршау алынып, шұңқырға баспалдақ түсірілді. Бірінші болып полиция капитаны Мұрат Кәкібеков төмен түсті. Біз баспалдақ пен оны мықтап ұстап тұрдық. Тереңдігі шамамен үш метр, 1,5 метр деңгейінде толған. Мұрат ер адамның қолынан ұстап, алып шықты. Кейін бірден полиция аға лейтенанты Мадияр Төлембаев төменге түсті.

Ол бір жасар қызды тапты. Бірақ, өкінішке қрай, бала қаза болған. Сол сәтте құтқарушылар келді. Олар арнайы жабдықтың көмегімен 56 жастағы әйел мен 12 жастағы баланың денесін алып шықты. Отбасы үшін ауыр, орны толмас қайғы болды", - деді патрульдік полиция полкі взводының командирі полиция капитаны Асыл Разбек.

 Полицейлердің айтуынша, құтқарылған ер адам "жедел жәрдем" қызметкерлеріне беріліп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

"Қайғылы жағдайдың алдын ала мән-жайы анықталды. Бір жасар қыз кешке үйдің ауласында ойнап жүріп, абайсызда көшедегі әжетханаға құлап кеткені анықталды. Мұны көрген 1955 жылы туған әжесі мен 12 жастағы ағасы көмекке келген. Олар баланы шығаруға тырысып, шұңқырға түскен. Кейін балалардың әкесі көмекке келеді. 1980 жылы туған ер адам әжетхана қоршауын құлатып, шұңқырға түседі. Ол балалар мен әжесін шығаруға тырысқан. Алайда өзі есінен танып қалады", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дидар Аханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети