06 мамыр 2016 | 13:54

Алматыда әкесі өзінің 3 жасар қызын кепілге алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД © Алматы ІІД

Алматыда әкесі өзінің 3 жасар қызын кепілге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды босату үшін арнайы операция жүргізді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әкесі өзінің 3 жасар қызын кепілге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды босату үшін арнайы операция жүргізді.

Алматы ІІД ЖПҚ мәліметінше, оқиға екі күн бұрын "Құлагер" ықшамауданында болған. Пышақпен қаруланған ер адам пәтерді ішінен жауып алып, қызын бесінші қабаттан лақтырып жіберетінін айтып қорқытады. Қорқып кеткен әйелі дереу полицейлерді шақырған. "Әйел жылап тұрып хабарласты. Оның күйеуі таңғы сағат бестен ашуланып, кішкентай қызын бесінші қабаттан лақтыратынын айтып қорқытқан. Ал әйелі мен үлкен екі қызын үйінен қуып жіберіпті", - деді Алматы ІІД ЖПҚ қызметкері Рахметжан Хәкімахунов.

Ашуға берілген ер адам полицейлер артық әрекет жасаса, қызына пышақ салатынын айтқан. Ер адамның психикалық күйін түсінген полицейлер онымен шынайы әңгімелесуге тырысты.

"Қуанышқа орай, бұл адаммен ұлтымыз бір болып шықты. Мен онымен тіл табысу мақсатында ана тілімізде сөйлеуге тырыстым. Бұл ойым іске асты: бірнеше уақыттан кейін ер адам пышағын, одан кейін қызын берді", - деді Хәкімақұнов. Ер адам дереу ұсталып, Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр.


Рахметжан Хәкімахунов. © ІІД

ІІД мәліметінше, Хәкімахунов арнайы белгімен марапатталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети