Алматыда алапат өрт автопойыз көмегімен сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алапат өрт автопойыз көмегімен сөндірілді Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметінен

Алматыда жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, өрт Наурызбай ауданы Райымбек көшесі 548/2 мекенжайы бойынша жұмыс істемейтін ТЖО ғимаратында шыққан. Өрт туралы хабарлама 11.33-те түсті. Оқиға орнына келген бөлімшелер 220 шаршы метр аумақта ғимараттың шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт шыққан жерде штаб құрылып, батыс және оңтүстік-шығыс жағынан екі өрт сөндіру учаскесі құрылды.

Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметінен

Өртті сөндіру су көздері қашықта болғандықтан қиындай түскен. Суды қосу үшін өрт сөндіру автопоезі іске қосылып, магистраль желілер тартылды.

"Өртті сөндіру көп қабатты шатырдың құрылымдық ерекшеліктерімен күрделене түсті: бетон плитасының үстіне битум мастика төселген, оның үстіндегі ағашқа металл шифер орнатылған. Өртсөндірушілер шатырды авариялық-құтқару құралдарымен ашып, екі автосаты іске қосылды", - деді Алматы ТЖД өкілі.

Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметінен

Өрт бір сағатқа жуық уақытта оқшауланып, сағат 12.47-де жойылды. Өртсөндірушілер көрші екі нысанның жануына жол бермеді. Өртті сөндіруге 40 адам мен 12 көлік жұмылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети