Алматыда алдағы күндері 43 градус ыстық күтіліп отыр

14 Шілде 2015, 17:24
0
Алматыда алдағы күндері 43 градус ыстық күтіліп отыр - © nebesa.biz
© nebesa.biz

Алматыда алдағы күндері 43 градус аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай ескерту жарияланды. "Алматы облысында 15-17 шілде аралығында күндізгі уақытта 41-43 градус ыстық болады. Сол себепті ТЖД Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарына ескерту жариялайды: Суды көп ішіңіздер; Далада жүргенде күн сәулесінен қашып, көлеңкеге немесе қолшатырдың астына тығылыңыздар; Автомобильмен жүргендер жолда аса мұқият болу керек; Себепсіз үйден шықпауға тырысыңыздар. Абай болыңыздар, өздеріңізді сақтаңыздар!", - деп жазылған хабарламада.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, жақын күндері елдің басқа да аймақтарында аптап ыстық сезіледі. 14-18 шілдеде Қарағанды, Жамбыл облыстарында 40-43 градус ыстық болады. 14-17 шілде күндері күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 46 градус ыстық болады. 18-20 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында термометр бағанасы 40-43 градусты көрсетуі мүмкін. Алматы облысында да 14-20 шілде күндері 43 градус ыстық күтіліп отыр.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай