Алматыда алты автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда алты автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 9 мамыр күні сағат 01.00 шамасында Саин және Абай даңғылдарының қиылысында болды. Subaru, Mazda, Toyota, Volkswagen мен Audi солтүстік бағытта бағдаршамға аялдап тұрған. Осы бағытта келе жатқан BMW көлігі әуелі Subaru, Mazda мен Toyota-ға соғылған, кейінгі көліктер бірін-бірі түйген. Дәрігерлер оқиға қатысушыларының бәрін қарап шықты, зардап шеккендер болмады.
Еске сала кетейік, Алматыда 3 мамыр күні жолаушылар автобусы екі жеңіл көлікпен соқтығысқан еді. №95 бағыттағы автобус Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқанда екінші дәрежелі жолдан Mercedes шыға келіп, қоғамдық көлікке жол бермеген. Сол кезде қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болған автобус Mercedes-пен бірге тағы бір көлікті соқты. Жол-көлік оқиғасынан адамдар зардап шеккен жоқ.