Алматыда алты баланың туыстары іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алты баланың туыстары іздестіріліп жатыр КТК сюжетінен алынған кадр

Алматыда алты баланың ата-анасы мен туыстары іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алты баланың ата-анасы мен туыстары іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Алматыда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында алты баланың ата-анасы мен туыстары іздестіріліп жатыр. Олардың үшеуі наурыз айының басында, қалған үшеуі карантин режимі басталғанда орталыққа жеткізіліпті. Бірақ ешқайсының құжаты жоқ. Қай жерде дүниеге келді, туысқандары кім, ол жағын ешкім білмейді. Енді түрлі сұрау салып нәтиже шығара алмаған орталық қызметкерлері көпшіліктен көмек сұрайды.

"Орталықта 31 бала бар. Осы 31 баланың ішінде 6 бала құжатсыз. Кімде-кім осы балаларды танып жатса, бізбен хабарласса деп сұраймыз. Өйткені балалардың айтуымен ғана атаулары бар", - дейді Алматы қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы Раиса Сейполдаева.

Қызметкерлердің айтуынша, жан-жаққа қанша сұрау салғанымен, нәтиже шықпаған. Алты баланың алды 15 жаста болса да ешбірі әлі күнге дейін мектеп табалдырығын аттап, кітап бетін ашпаған екен.  

"Тым болмағанда мамамның туыстары табылса, тәтем құрлы, анам деп айтар едім", - дейді балалардың бірі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети