Кеше | 15:42

Алматыда арнайы операция кезінде ерлі-зайыпты ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыпты құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыпты құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан пәтерін өндіріс орнына айналдырған. Мұнда ерлі-зайыптының синтетикалық есірткі затын өндіріп, бөлшек сауда үшін қаптамаға салғаны белгілі болды.

"Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара Алматы қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен "Қарасора" іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдіктілер үйдің жанында ұсталды. Олар кристалданған затты, ақ түсті шөгінділері бар шыны ыдысты және ақшаны тапқан. Ал ұсталғандардың үйін тінту кезінде зертханалық жабдықтар, прекурсорларды сақтауға арналған шыны ыдыстар, магниттік араластырғыш, электр сорғылар, шыны колбалар, ноутбуктер, 265 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат және басқа да құралдар табылды және тәркіленді", – деп мәлімет берді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон есірткі заты болып шықты. Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.88   533.49   5.44 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети