Алматыда ашық қалған люктен шамамен 10 автомобиль бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы хабарламаны Instagram желісінде @dior_line деген қолданушы таратты.
Алматыда ашық қалған люктен шамамен 10 автомобиль бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы хабарламаны Instagram желісінде @dior_line деген қолданушы таратты.
"Луганский көшесінің бойында, "Қазақстан" қонақүйінен жоғары маңда ашық люк! Бірнеше минуттың ішінде оннан аса автомобиль дөңгелегін тесіп алды. Мен солардың бірімін! Эвакуаторды шақырып, көлік жөндеу орталығына кеттік!", - делінген хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін Өскеменде автомобиль екі метрге жоғары ұшып барып, шатырға қонған болатын. Жол апатының куәгерлері автомобильдің Республика алаңына қарай кетіп бара жатқанын айтты. Олардың айтуынша, оның алдында келе жатқан көлік люктің үстімен жүріп өтіп, ашып кеткен. Сол кезде артынан жүріп келе жатқан Lada Priora бар жылдамдығымен люкке келіп түскен де, кейін аударылып түскен.