Алматыда әскери ЖОО-да курсант оқ жарақатын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әскери ЖОО-да курсант оқ жарақатын алды Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты сабақ кезінде оқ жарақатын алды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты сабақ кезінде оқ жарақатын алды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратқа байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды. 2021 жылғы 20 шілдеде Құрлық әскерлерінің Әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды. Оқ басқа курсанттың аяғына тиген", - делінген Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасындағы хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шегуші жедел түрде Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети