Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі сержант Жәнібек Есіркепов өрттен үш қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертең Төле би көшесінің бойымен қызметке бара жатқан кезінде Наурызбай батыр көшесінің қиылысында әскери қызметші "Donald's" фаст-фуд дәмханасының түтіндеп жатқан ғимаратын байқайды. Жақындай бергенде ол онда адамдардың бар екенін байқайды. Белгілі болғандай, түтіндеп, бықсып жатқан ғимараттан үш бойжеткен шыға алмай әлек болған. Жағдайдың мән-жайын түсінген сержант Есіркепов оларды құтқаруға білек сыбана кіріседі. Содан ол терезе арқылы ғимаратқа кіріп, үш қызды шығарып алады.
Әскери қызметші лаулаған от жалынында қалған адамдарды сәтті құтқарып шықты. Алайда өзінің қолын күйік шалған. Қазіргі уақытта Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде сержант Жәнібек Есіркеповті көтермелеу туралы мәселе қарастырылып жатыр.