Алматыда әскерилер бейбіт митингке шыққандармен қақтығысқан жоқ - генерал-майор

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әскерилер бейбіт митингке шыққандармен қақтығысқан жоқ - генерал-майор

Алматыда тәртіп сақшылары мен әскерилер бейбіт митингке шыққандармен қақтығысқан жоқ. Олар террористер мен бұзақыларға қарсылық көрсетті. Арнайы қызмет ардагері, генерал-майор Руслан Мыңбаев "Хабар 24" телеарнасының эфирінде осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, шабуылдаушылардың нақты талабы болмаған.

"Әдетте наразылық білдірушілер өз талаптарын айтады. Көп жағдайда олар әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық мәселелерге, жалақыны көтеруге және т.б. қатысты болады. Ал бұзақыларда, террористерде, экстремистерде мұндай талап болмайды. Олар қатыгездік көрсетіп, халықты қорқытып, тонағысы келеді. Бұл жағдайда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшыларына үндеу заңды және дәл уақытында жасалды. Біз Мемлекет басшысының бағытын жан-жақты қолдаймыз", - деп түсіндірді генерал-майор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети