Алматыдағы Әуезов ауданының әкімдігінде қызметкерлер мен оған келушілер эвакуацияланды, себебі бұл ғимараттағы кабинеттердің бірінде от тұтанған, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға таңертең сағат 08.00-де Алтынсарин және Шаляпин көшелерінің қиылысында орналасқан ғимаратта болды. Мәлімет бойынша, кабинеттердің бірінде электр өткізгіштерде қысқа тұйықталу болып, соның салдарынан от тұтанған. Осыдан кейін әкімдіктің қызметкерлері мен оған келушілер эвакуацияланды.
Қазіргі таңда өртке қарсы қызметтің мамандары ғимаратты тексеріп шықты. Алайда адамдар ғимаратқа қайта кіргізілмеді.
© "Территория происшествий"