Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры маңында жаппай төбелеске жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры маңында жаппай төбелеске жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, жаппай төбелесуге жиналғандар футбол жанкүйерлері болуы мүмкін. Олардың бүгін, 28 қыркүйек күні сағат 18.00-де Орталық стадионда өтетін "Қайрат" және "Ақтөбе" командалары арасындағы матчқа келуі ықтимал.
Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер бар.
"Жол-патруль полициясы қызметкерлері жаппай төбелестің жолын кесті. Әуезов атындағы театрдың жанына 40-қа жуық адам жиналған, жағдайды одан әрі анықтау үшін олардың бәрі аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді", - деді Әзірбек.
Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланатын болады.