26 желтоқсан 2022 12:30

Алматыда автобус инкассатор көлігіне соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Абай даңғылының бойында болған. Соққыдан қолма-қол ақша жеткізетін көлік бүйіріне аударылып қалған.

Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, оқиға 25 желтоқсанда таңғы сағат 7:40-та Алматының Алмалы ауданында болған.

"ГАЗ маркалы автокөлікті тізгіндеген 1982 жылғы жүргізуші Д. Абай даңғылында, 141-үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта кері бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан 1967 жылғы А. тізгіндеген Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Оны фельдшерлер тексерді, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Қазір бұл деректі аумақтық жағынан Алмалы ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети