Алматыда автобус жол апатына ұшырап, алты адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жол апатына ұшырап, алты адам зардап шекті Видеодан алынған кадр

Алматыда автобус жол апатына ұшырап, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы, сондай-ақ, автобустағы екі жолаушы зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жол апатына ұшырап, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы, сондай-ақ, автобустағы екі жолаушы зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 19 желтоқсанында сағат 10.40 шамасында К есімді жүргізуші Lada Granta маркалы көлікпен келе жатып, Жүргенев көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп, Жангелдин көшесінің қиылысында 2.4 "Жол беріңдер" жол белгісін елемей, жол қиылысына шығып, оңтүстік бағытта келе жатқан Yutong маркалы автобуспен соғысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі, оның үш жолаушысы, сондай-ақ, автобустың екі жолаушысы зардап шекті", - деді анықтау басқармасының басшысы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Lada Granta жүргізушісінің мас күйде болғаны айтылады.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети