© Территория происшествий
Алматыда жолаушылар автобусы әйел адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда жолаушылар автобусы әйел адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 11 шілде күні таңертең "Жібек Жолы" базарына қарама-қарсы жерде болды. №11 автобус Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатып, жол тазалап жүрген 50 жастағы әйелді қағып кетті. Алған жарақатынан әйел сол жерде жан тапсырды.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Автобус жүргізушісі қашып кеткен жоқ.