1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала полициясының мәліметінше, 27 қарашада сағат шамамен 20.20-да Yutong маркалы автобусының жүргізушісі Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатып, Жансүгіров көшесінің шығысына қарай Жұмабаев көшесінде жолдың жүруге болмайтын бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-45 жас аралығындағы белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы басшысының орынбасары полиция полковнигі Салтанат Хишанло.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!