Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Бұл дерек Алматыдағы Алмалы ауданында түстен кейінгі уақытта болған. Бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерден білдік, полицияға ешкім шағымданбады. Полицейлер шара жүргізіп, 1985 жылғы Е.Әбдіназаров деген азаматты анықтап, кейін ұстады. Ол жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінде бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық бар", - делінген ведомство хабарламасында.
"Фигурантқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы ("Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау"); 606-бабы ("Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы"), 612-бабының 2-бөлігі ("Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы")" бойынша хаттамалар толтырылды. 2017 жылдың мамырында азамат Е.Әбдіназаров жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сот қаулысымен тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ал өз кезегінде Алмалы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі Е.Әбдіназаровқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс материалдарын жинады.
"Өндіріс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабында қарастырылған құқықбұзушылық белгілері бойынша қозғалды. Материал Алматы ауданаралық әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жолданады. Айта кетейік, заңнамада бұл құқықбұзушылық жасағандар 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды немесе 10 тәулікке қамалады. Ал құқықбұзушының көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды", - деді Әзірбек.
Еске салайық, ер адам мен автобус жүргізушісінің жанжалдасқаны түсірілген видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланған еді. Ролик қоғамда шу шығарған.
"Автобуспен келе жатқанбыз. Жол апатына түсе жаздағанымыз аздай, жеңіл көлік жүргізушісі мұнда төбелес шығарды. Әлі қорқып отырмын! Қағынған жүргізушілер-ай! Автобусқа арналған жолақ! Ешқандай да бұрылыс болмады! Ал автобус жүргізушісі халықты алып келе жатыр! Ол халықтың қауіпсіздігіне жауапты! Ол шошып кетті, салонда бәрі дүрлікті. Құрметті жүргізушілер, сақ болыңыздар! Жол қателікті кешірмейді! ІІД-ден көлік жүргізушісін апат жағдайын туғызғаны үшін жазалауды сұраймыз", - делінген еді жарияланымда.