Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адамды куәгерлер ұстап қалған: видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адамды куәгерлер ұстап қалған: видео пайда болды

Әлеуметтік желіде Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамның ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамның ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда жүргізушіні ұрған ер адам жол апаты болған жерден қалай қашпақ болғаны көрсетілген. Оны куәгерлер ұстап қалған.

Назар аударыңыз! Видеода дөрекі сөздер айтылған.

Еске салайық, бұған дейін сот автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамды екі айға қамауға алған болатын.

Қайғылы оқиға 22 желтоқсанда болған. Автобус №7 қалалық аурухана қарсысындағы аялдамада жиналған адамдарды қағып кетті. Жанжал кезінде 47-бағыттағы автобус жолаушысы жүргізуші әйелді ұрып жіберген. Ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Автобус аялдама маңындағы адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети