Алматыда автобус жүргізушісінің кесірінен бірнеше көлік соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жүргізушісінің кесірінен бірнеше көлік соқтығысты

Алматыда №70 бағытындағы автобус жүргізушісі сәтсіз маневр орындап, ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда №70 бағытындағы автобус жүргізушісі сәтсіз маневр орындап, ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Соқтығысқан көліктердің барлығы Саин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Ұлықбек көшесіне жеткен маңда автобус келесі жолаққа түсуді ойлаған, алайда ол Hyundai Accent маркалы көлікті көрмеген.

Осылайша бар жылдамдығымен жеңіл көліктің артынан соғады. Соққы әсерінен Hyundai алдында келе жатқан Toyota Camry автомобилін соққан. Жапон көлігі соққы салдарынан жанында келе жатқан Toyota Carina E көлігін соғып, қоршауға соғылып тоқтаған. Сондай-ақ, Toyota Camry көлігі алдында келе жатқан Nissan Sunny автокөлігін де соққан. 


Сурет СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасынан

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети