20 сәуір 2021 12:47

Алматыда автобус өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖД Фото: ТЖД

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеоға қарағанда көлік толық өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеоға қарағанда көлік толық өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видео Желіде пайда болды. Кадрлардан автобус өртеніп, қою түтін шығып жатқаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Кейін жарияланған видеодан автобустың қаңқасы ғана қалғанын көруге болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Алматы ТЖД өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді. Куәгерлер "101" пультіне 20 сәуірде сағат 11.00-де автобус өртеніп жатқанын хабарлаған. Оқиға Алатау ауданы Қожаханов көшесіндегі Әйгерім-2 шағын ауданында болды.

"Келген сәтте өртсөндірушілер 20 шаршы метр алаңда ЛиАЗ маркалы автобус өртеніп жатқанын анықтады. Жолаушылар болған жоқ. Тез арада жанып жатқан автобус сөндірілді. Автобус конструкциясы салқындатылды. Өрт жеті минут ішінде, сағат 11.22-де жойылды", - деді ведомство өкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері № 115 маршрут бойынша жүретін автобустың өртенгенін айтты. Ведомство мәліметіне сүйенсек, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети