Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, 7 адам зардап шекті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, 7 адам зардап шекті Видео кадры

Желіде Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысқан видео жарияланды. Қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысқан видео жарияланды. Қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram желісінде жарияланды. Видеода бірнеше жедел жәрдем көлігі көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Ведомство мәліметінше, оқиға Абылай хан мен Төле би көшелері қиылысында болған.

"6 қазанда сағат 12.36-да Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Yuotung маркалы автобус жүргізушісі, Абылай хан даңғылы қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан Yuong Man троллейбусымен соқтығысқан", - деді Алматы қаласы ІІД Анықтау департаментінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Жол апатынан зардап шеккендер туралы да мәлімет белгілі болды.

"Жол апаты салдарынан YUONG MAN троллейбусының 1962, 1974 жылы туған жолаушылары, YUOTONG автобусындағы 1997, 1977 жылы туған жолаушылары, троллейбустың 1966 жылы туған жүргізушісі және автобустың 1986 жылы туған жүргізушісі дене жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді", - деді Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети