Алматы полицейлері № 120 бағытында жүретін автобус жүргізушісінің велосипедші қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты мәлімедеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полицейлері № 120 бағытында жүретін автобус жүргізушісінің велосипедші қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты мәлімедеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ІІД өкілдері 20 тамызда № 120 бағытында жүретін қоғамдық көлік жүргізушісі велосипед теуіп жүрген топ мүшесін қағып кеткенін хабарлады.
"1963 жылғы жүргізуші қоғамдық көлікті басқара отырып, Құлжа тасжолымен кетіп бара жатқан. Бұқтырма көшесімен қиылысқан тұста, ол 1986 жылғы қызды қағып кеткен. Қыз бала жарақат алған, алайда ауруханаға жатудан бас тартқан. Осы дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша, зардап шеккен қыздың жарақаты жеңіл болса, онда іс әкімшілік тәртіпте қаралады. Ал оның жарақаты орта не ауыр деңгейлі болса, іс қылмыстық тәртіпте болады", - деді Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Салтанат Әзірбек.