Алматыда автобуста оғаш әрекет жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобуста оғаш әрекет жасаған ер адам іздестіріліп жатыр видео кадры

Алматы Полиция департаменті автобуста оғаш әрекет жасаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы Полиция департаменті автобуста оғаш әрекет жасаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде видео пайда болды. Автобуста қыздың жанына бейтаныс ер адам отырып, жыныс мүшесін ашып, мастурбация жасай бастаған. Қыз камераға түсірмек болғанда ер адам агрессия көрсткенін айтқан.

"Немолчи" қоры мәліметінше, 20 мамырда ер адам әртүрлі автобуста осыған ұқсас бірнеше әрекет жасаған.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамды анықтау және оны ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Құқықбұзушының әрекетіне заңға сәйкес шаралар қолданылып, құқықтық баға беріледі", - деп қорытындылады полицейлер.

Этикалық себептерге байланысты редакция видеоны жарияламайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети