17 қаңтар 2017 | 16:30

Алматыда әйел адамды қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Қалалық ІІД және "Green bus company" ЖШС" өкілдері Алматыда автобустың әйел адамды қағып кетіп, салдарынан 1944 жылғы әйелді мерт қылған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне автобус жүргізушісінің 1983 жылғы ер адам екенін айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Қалалық ІІД және "Green bus company" ЖШС" өкілдері Алматыда автобустың әйел адамды қағып кетіп, салдарынан 1944 жылғы әйелді мерт қылған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне автобус жүргізушісінің 1983 жылғы ер адам екенін айтты. 

"Төле би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатып, Варламов көшесімен қиылысқан жерде ол солтүстік бағытта жаяу жүргіншілерге арналған жолда өтіп бара жатқан 1944 жылғы әйелді қағып кеткен. Тергеу жүріп жатыр. Оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны анықталып жатыр", - деді ол. 

"Green bus company" ЖШС" директоры Бауыржан Құлышевтің айтуынша, жүргізуші 2016 жылы ақпанда жұмысқа орналасқан. "Осыған дейін ол "Алматыэлектркөлікте" жұмыс істеген. Бұл жаңадан ашылған бағыт. Жол апаты кезінде оның жылдамдығы сағатына 46 шақырым болған. Ол жаяу жүргіншіге арналған жолдан 10 метр алшақ жерден жүгіріп өтпек болған. Бірақ ереже бойынша, бұл жаяу жүргіншіге арналған жол аумағы болып саналады. Жаяу жүргіншіге арналған жолдың 15-20 метрі соның аумағына кіреді деген норма бар. Бұл біздің жүргізушінің кінәсі. Кеше оны полиция ұстап алып кетті. Ол ІІБ-де. Автобус айып тұрағына жеткізілген", - деді Құлышев. 

Еске салайық, кеше Алматыда автобус әйел адамды қағып кеткен болатын. Алған жарақатынан әйел адам оқиға орнында қаза тапқан. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети