Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына Алматы көшелерінің бірінде болған оқиғаның видеосын жолдады. Оның айтуынша, бұл видео шамамен сағат 20.30-да Maxima сауда-ойын орталығының аумағында түсірілген.
Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына Алматы көшелерінің бірінде болған оқиғаның видеосын жолдады. Оның айтуынша, бұл видео шамамен сағат 20.30-да Maxima сауда-ойын орталығының аумағында түсірілген.
"Мен оны айналып өттім, себебі ол маған пышақпен ала жүгірді. Артынша 150-ші сериялы Land Cruiser Prado келді. Ол сол көлік жүріп бара жатқан жерінен пышақпен жүгіріп, онымен қоймай, өтіп бара жатқан көліктің барлығын тоқтатқан. Адамдарды қорқытып, көліктен шығуын талап еткен. Түрі ызалы болды. Қолындағы пышағы үлкен. Сол үшін жолда кептеліс пайда болды", - дейді куәгер.
Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 34 жастағы ер адам ұсталып, Мақатаев көшесіндегі наркологиялық диспансерге жеткізілді. Себебі ол қатты мас болған. Ер адамның әйелімен жанжалдасқан соң, көшеге пышақпен шығып кеткені белгілі болды. Ол Райымбек көшесінде орналасқан үйлердің бірінде тұрады.
Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты ешқандай арыз түспеді.