ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев вице-министр Есанғазы Иманғалиевке Алматыдағы №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушінің жағдайын шешіп беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев вице-министр Есанғазы Иманғалиевке Алматыдағы №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушінің жағдайын шешіп беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Министр Балалардың құқығы жөніндегі Конвенцияның 19-бабына сәйкес, жағдайға әділ баға беріп, өз құзырымыздың аясында шара қолдануымыз керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев мәселенің барысын әділ әрі ашық болуы үшін қоғамдық ұйымдарды шақыруды тапсырды", - делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салайық, осыған дейін Алматыдағы №1 балалар үйінің 12 жастағы тәрбиеленушісі 2015 жылдың жазында зорланғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы білген адамдар қала прокуратурасына хабар берген. Іс Алматы қалалық ІІД-не берілді, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бала асырап алған ата-анасымен бірге тұрып жатыр.