Алматыда бір әйел мен оның бес жасар баласы жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 24 қыркүйек күні сағат 02.30-да Рысқұлов даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Honda автокөлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Баласы бар әйел жолды көшенің белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болыпты. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, жаяуларды қағып кетті. Әйел мен оның баласы оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі ұсталды.
24 қыркүйекке қараған түні Алматыда тағы бір отбасы жол-көлік оқиғасына ұшырады. Сағат 00.20 шамасында Жансүгіров көшесінде 1967 жылы туған ер адам мен оның әйелі Audi автокөлігінің астына түсіп қалды. Зардап шеккендерді "жедел жәрдем" көлігі алып кетті. Дегенмен дәрігерлер оқиға орнына келген кезде ер адамның жүрегі тоқтап қалған. Оның әйелі ауыр жарақатпен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Audi автокөлігінің жүргізушісі оқиғаның мән-жайы анықталатын уақытқа дейін ұсталды.