ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2019 | 14:53
Алматыда Барахолка өртеніп жатыр
Алматыда Жетісу ауданында базарда өрт шықты, Барахолка жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Жетісу ауданында базарда өрт шықты, Барахолка жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Металлпластикалық бұйымдар сақталатын бір қабатты қойма өртеніп жатыр. Өрттің жақын орналасқан қойма үй-жайларына өту қаупі бар.
© Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
"Северное Кольцо көшесі, 78/1. Алдын ала ақпарат бойынша, "Мизам" базарының аумағында контейнер жанып жатыр. Оқиға болған жерде жеке құрамның 43 қызметкері және 12 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, автопоезд және қосымша көліктер жіберіледі", - деді қалалық ТЖД өкілдері.
ТЖД нақтылаған мәліметтер бойынша, базар аумағында жеке тұрған қойма жанып жатыр.
Мұның алдында "Мизам" нарығы туралы БАҚ өкілдері жазған. Сол кезде Алматы әкімдігі базармен келісім-шартты бұзады деп хабарланған болатын.
"МСҚБ басқармасы "Мизам" базары рұқсат құжатынсыз және қала кеңесінде айтылған міндеттемелерін бұзып, сегіз мың шаршы метр алаңды алатын теңіз контейнерлерінен қалаға машықтанбаған базар салғанын анықтады", - деп хабарлаған Алматы әкімдігі.
Показать комментарии
Читайте также