06 қыркүйек 2019 14:53

Алматыда Барахолка өртеніп жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Алматыда Жетісу ауданында базарда өрт шықты, Барахолка жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда Жетісу ауданында базарда өрт шықты, Барахолка жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Металлпластикалық бұйымдар сақталатын бір қабатты қойма өртеніп жатыр. Өрттің жақын орналасқан қойма үй-жайларына өту қаупі бар.


© Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

"Северное Кольцо көшесі, 78/1. Алдын ала ақпарат бойынша, "Мизам" базарының аумағында контейнер жанып жатыр. Оқиға болған жерде жеке құрамның 43 қызметкері және 12 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, автопоезд және қосымша көліктер жіберіледі", - деді қалалық ТЖД өкілдері. 

ТЖД нақтылаған мәліметтер бойынша, базар аумағында жеке тұрған қойма жанып жатыр.

Мұның алдында "Мизам" нарығы туралы БАҚ өкілдері жазған. Сол кезде Алматы әкімдігі базармен келісім-шартты бұзады деп хабарланған болатын.

"МСҚБ басқармасы "Мизам" базары рұқсат құжатынсыз және қала кеңесінде айтылған міндеттемелерін бұзып, сегіз мың шаршы метр алаңды алатын теңіз контейнерлерінен қалаға машықтанбаған базар салғанын анықтады", - деп хабарлаған Алматы әкімдігі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети