Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің кім екені мәлім болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon 3164

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/kris_p_brothers © instagram/kris_p_brothers

Алматыда басына сүңгі түсіп, сол жерде жан тапсырған әйелдің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Алматыда басына сүңгі түсіп, сол жерде жан тапсырған әйелдің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға қаланың қақ ортасында, тапа-тал түсте болған. Марқұм жаяу жүргіншілерге арналған жолмен медициналық орталыққа бара жатқан беті екен. Төбесінен кесек мұз үзіліп түскен ғимаратты тиісті қызмет бір апта бұрын сүңгіден тазартқанын айтады. Қазір оқыс жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қайғылы оқиға тапа-тал түсте көпқабатты үйдің дәл алдында болған. 60 жастағы Наталья Шамузова жаяу жүргіншілерге арналған жолмен осындағы медициналық орталыққа массаж жасатуға келе жатқан беті екен. Кенеттен, оның төбесіне алып мұз құлап, әйел сол мезетте жан тапсырған.

"Қайтып келе жатқан кезде дәу мұз құлады. Алыстан көрдім. Келсем миы ақтарылып жатыр", - дейді куәгер Рүстем Төлеміс.

Ажал айтып келмейді десек те, оқиға орнына жеткен марқұмның алыс туыстары Натальядан осылайша айырылып қалғандарына сене алар емес. Шетелде жүрген балаларына қаралы хабарды қалай жеткізуді білмей дал. Ал ғимараттардан салбырап тұрған мұздарды түсіруі тиіс қызметтегілер осыдан аз уақыт бұрын қайғылы оқиға болған шатырды сүңгіден тазартып кеткенін айтады.

"Өткен аптада осы үйдің төбесі тазаланған деп "Верный" ЖШС басшысы айтып отыр. КСК-лардың барлығы қыс уақытында міндетті түрде төбелердің барлығын тазалау керек. КСК-ларға жалпы мұз тазаланбаса айыппұл салынады. Осы оқиға бойынша полиция бар, солармен бірлесіп шара қолданамыз", - дейді Бостандық ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жанат Жақсыбаев.

Осылай аудан әкімдігі тазарту жұмыстарын жүргізуге құлықсыз пәтер иелері кооперативтерінің қара тізімін жасап жатырмыз дейді. Ал құзырлы орындар 60 жастағы әйелдің өлімін "жазатайым оқиға" ретінде тіркеп, қазір тексеру жүргізіп жатыр.

"Қарашадағы қақаған аяздан соң, жылымық орнап, қазір қаладағы ғимараттардың шатырынан мынадай сүңгілер салбырап тұр. Төбеден төнген қауіптің бір түрі бұл. Сондықтан тұрғындарға жүріп-тұрғанда, әсіресе үйлердің маңынан өткен абай болуларыңызды ескертеміз", - деді Жанат Жақсыбаев.

Әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға түсірілген видео пайда болды. Онда "Сақ болыңыздар! Мұз - әзілдеп қарайтын нәрсе емес! Алматыдағы төтенше жағдай! Жақындарыңызға қауіпсіздік туралы ескертіңіз! - деп жазған ролик авторы.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю