Алматыда Beeline техникалық орталығына "жарылғыш зат" орнатылды деген хабарламаға сәйкес 600 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Beeline техникалық орталығына "жарылғыш зат" орнатылды деген хабарламаға сәйкес 600 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"12:30 шамасында белгісіз абоненттен Алматыдағы Сүйінбай көшесінің бойындағы техникалық орталыққа жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлама түскен. Біз осы хабарламаны құзырлы органдарға бердік. Олар келді де қызметкерлерді эвакуациялады. Барлық қажетті шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта қызметкерлер өз жұмыс орындарына қайтып оралды. Мәлімет расталмады", - деді "КаР-Тел" ЖШС (Beeline бренді) директоры Алексей Бендзь.
"Ақпаратты жедел әрекет ету органдары тексеріп жатыр", - деді полициядағылар.