27 сәуір 2015 | 15:27

Алматыда белгісіздер ҰОС ардагерін ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@YouTube.com @YouTube.com

Алматыда ҰОС ардагері Николай Хохлов киімдер салынған қап үшін соққыға жығылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның немересі Евгения Зуева хабарлады. Ол Желіге видео жүктеді, роликте зейнеткерге бір ер адамның жақындап келіп, қабын тартып алып жатқаны және ұрғаны бейнеленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ҰОС ардагері Николай Хохлов киімдер салынған қап үшін соққыға жығылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның немересі Евгения Зуева хабарлады. Ол Желіге видео жүктеді, роликте зейнеткерге бір ер адамның жақындап келіп, қабын тартып алып жатқаны және ұрғаны бейнеленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

89 жастағы ардагердің қызы Ирина Зуеваның айтуынша, оқиға 23 сәуірде күндіз болды. "Әкем үйден шығып, киімдерді шеберханаға апарғысы келген. Оның қабында құнды зат болмады. Аяқ киім ғана. Жолда оны ер адам тоқтатты. Видеожазбада ер адамның әкеммен сөйлескені, содан кейін қолындағы қабын тартып алып жатқаны көрінген", - деді Зуева. Ардагер қарсы шықпақ болады, бірақ ер адамның соққысынан жерге құлап түседі. Бұдан кейін, зардап шеккен ардагердің туысының айтуынша, үй тұрғындары жедел жәрдем шақырған.

ҰОС ардагері ауруханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оның жарақатын тігіп берді. "Оның басы жарақаттанды, қабырғасы зақымданды. Көзі ісінген. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр. Әкем болған оқиғадан әлі абдырап жатыр, ал құлаған сәті есінде жоқ", - деді Зуева. Ауруханаға тәртіп сақшылары келіп, осы дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети